WORLD SCIENCE ISSN 2413-1032 22 № 6(34), Vol.4, June 2018 http://ws-conference.com/ МАУСЫМНАН ТЫС МЕЗГІЛДЕ САЛАТ ӨНІМІНІҢ ТҮСІМІНІҢ КОНВЕЙЕРІН ҚҰРАСТЫРУ Кусаинова Гульжан Салибаевна а. ш. ғ. к., Смағұлова Дина Әлтқазықызы PhD докторант, Мажитова Роза Сабитовна а. ш. ғ. м. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті DOI: https://doi.org/10.31435/rsglobal_ws/12062018/5834 ARTICLE INFO Received: 17 April 2018 Accepted: 11 May 2018 Published: 12 June 2018 ABSTRACT In Kazakhstan, in the framework of diversification of vegetable production, special attention is paid to low-prevalence vegetable crops. Conveyor cultivation of green vegetables is important for year-round supply of fresh vegetables to consumers. KEYWORDS lettuce head, lettuce leaf, variety, greenhouse, conveyor, yield Copyright: © 2018 Кусаинова Г. С., Смағұлова Д. Ә., Мажитова Р. С. This is an open-access article distributed under the terms of the Creative Commons Attribution License (CC BY). The use, distribution or reproduction in other forums is permitted, provided the original author(s) or licensor are credited and that the original publication in this journal is cited, in accordance with accepted academic practice. No use, distribution or reproduction is permitted which does not comply with these terms. Кіріспе. Салат ерте пісетін көкөніс дақылы. Жапырақтарында аз мөлшерде клетчатка, дәрумендер, органикалық (алма, лимон,фоли, қымыздық) қышқылдар мен минералды тұздар және басқа пайдалы емдік қасиеттері жоғары заттардың мөлшері көп болғандықтан салат дақылын Европа, Америка, Азия елдері күнделікті тағамға қолданады. Құрамында аскорбин қышқылы, тиамин, рибофлавин (В 1 , В 2 , В 6 , РР, Е, С) никотин қышқылы, рутин және каротин бар. Ондағы шырын (сүт) адамның жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқысын қалыпқа келтіреді [1,2]. Биохимиялық құрамы жағынан салат көкөністердің ішінде ерекше орын алады. Сонымен қатар көмірсулар, 2,5-3,8 % қанттар, кальций, калий, йод, цинк, темір, магний, натрий, фосфор, аминқышқылдары және қышқылдары бар [3]. Көкөністердің ішінде құрамындағы кальций тұзы жағынан – бірінші орынды, темір бойынша – саумалдық пен шнит- пиязынан кейінгі үшінші орынды, магний бойынша бұршақ пен кольраби капустасынан кейінгі орынды иеленеді [4]. Салат дақылы дәрумендердің қайнар көзі саналады. Сонымен қатар микроэлементтерге – марганец, кобальт, мыс, йод, мырышқа өте бай. Үнемі пайдаланса, қанқысымына, семіздікке қарсы, ішек ауруларына ем. Жаңадан сығылған шырынымен созылмалы гастритті емдеуге болады [5,6,7]. Ертедегі рим дәрігері Гален салатты ұйқы қашқанда өзі пайдаланған және ауруларды салаттың балғын жапырағымен, сүтті шырыны - Латекспен емдеген. Аңыздарда айтылғандай Рим дәрігері Антонио Музо салатпен император Августтың бауыр ауруын жазған [8]. Соңғы 30 жылда жасыл жапырақты дақылдардың түрлері көбейіп, оларды жыл бойы өсіру дұрыс жолға қойылуда. Джеймс Монаганның мәліметі бойынша жасыл жапырақты дақылдарды өндіріп, сату бойынша бірінші орынды Ұлыбритания мемлекеті, содан кейін Италия, Франция, Испания, Германия, Нидерланды, Португалия мемлекеттері алады. Бүкіл әлем бойынша жасыл жапырақты дақылдардың ішінде кең таралған және көп қолданылатыны – салат болып саналады [9]. Салат ерте пісетін, суыққа және жарыққа төзімді, вегетациялық кезеңі қысқа диетикалық дақыл. Сондықтан салаттан көктемде ашық танаптан ерте өнім алуға мүмкүндік бар. Салатты жылыжайға да, ашық танапқа да өсіруге болады [10,11]. Әртүрлі сорттарын, себу мерзімдерін және өсіру түрлерін қолданып, салат дақылының; жасаң өнімімен халықты қамтамасыз ету мақсатында салаттың конвейерін қүрастырып өсіруге болады. D. Gray (1977) мәліметтері бойынша +26 және +28°C температурада өскін пайда болу қаблеттілігі 24,1 және